Отшашулар ойыншық емес…
Облыстық ТЖД өкілдері пиротехникалық заттарды дұрыс қолдана білу және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты жиын өткізді.

Жаңа жыл қарсаңында сауда орындарында қаптайтын от ойыншықтардың барлығын тексеріп шыққанымен жабайы сауданың жайылып жатқаны белгілі.
Пиротехникалық ойыншықтарға салғырт қараудың арты неге апарып соғарын өрт сөндірушілер қала халқына түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізіп жатыр. Отшашуды қалай дұрыс тұта білу қажет, қандай қашықтықта тұру керек, фейерверк қиыс кетіп, жан-жағын өртке ораса қайткен дұрыс? Әрине, мұнымен жастар хабардар болуы керек. Сондықтан, жаңажылдық думанда отшашумен ойнамай-ақ, «сақтансаң сақтаймын» деген өміршең қағиданы қаперіңізге мықтап сала жүріңіз.
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков