Көшелер жаңарып жатыр

Аманкелді – дамып жатқан аудандардың бірі. Түрлі құрылыс нысандары салынып, бірқатар жұмыс  атқарылу үстінде. Сондай соны істің бірі де бірегейі – көшелердің жөндеу көруі. Аудандағы Сатыбалды көшесі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын «Алюминстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Жоба құны – 28 млн 969,3 мың теңге. Қаржы облыс бюджетінен бөлінген. Жолдың ұзындығы – 660 метр.Байтұрсынов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын да «Алюминстрой» ЖШС міндетіне алған. Жоба құны – 57 млн 651,4 мың теңге. Қаржы облыс бюджетінен бөлінген. Жолдың ұзындығы – 1360 метр.Байтұрсынов көшесі мен Туристік кешен (ТурХаб) аралығындағы жол учаскесін орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын «Комжолстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Ол үшін облыстық бюджеттен 32 млн 820,2 мың теңге қарастырылған. Жолдың жалпы ұзындығы – 2 894 шаршы метр.
Б.МИРАМҰЛЫ,
Аманкелді ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓