Жаңа тест ауру белгісін дәл анықтайды

ЖҚТБ-мен күрес облыстық орталығының мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта ВИЧ инфек-циясын жұқтырғандар саны күрт артқан. Бұл туралы жақында Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен дүниежүзілік ЖҚТБ дертінен қаза болғандарды еске алу шарасында айтылды.
Облыста бұл дертке шалдыққан 1340 адам есепке алыныпты. Өткен жылмен салыстырғанда қаңтар мен мамыр айларында бұл 12 жағдайға көп. Мамандар көрсеткіштің өсуіне қауіпті вирусты анықтайтын жаңа жүйе енгені сеп болып отырғанын айтады.
"Біз зертханамыздың жұмысына 4 буынды жаңа тест жүйесін енгіздік. Өткен жылдан бері оларды тәжірибе жүзінде пайдаланып келген едік. Ескі тест бойынша анализдердің кейбіріне күмәнді нәтиже беретін", – деді ЖҚТБ-пен күрес облыстық орталығы бас дәрігерінің алдын алу жұ-мыстары бойынша орынбасары Балдырған Демесенова.
Орталық қолданысқа енгізген жаңа құрылғы ВИЧ инфекциясын дереу анықтауға, анализдегі вирус қоздырғыштарын дәл тауып береді. Өзге тест-жүйелері үш айға дейін иммун тапшылығы вирусын көрсетпейтін. Ал, диагностикадағы жаңа құрал ВИЧ жұқпасын бесінші күнінде-ақ анықтайды, дейді мамандар.
Айта кетелік, елімізде үстіміздегі жылдың наурыз айына дейін ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 179 адам есепке    алынған. 2013 жылдың осы мерзімде бұл көрсеткіш 159 болатын. Жалпы, өткен жылы еліміз бойынша ВИЧ қоздырғышын жұқ-тырған 1 мың 941 адам есепке алынған.
Шұға              
      ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓