Мектеп бітірушілерге арналды
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында Қостанай қаласының мектеп бітіруші оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.
-Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және ішкі істер органдары үшін сотталғандарды түзеу және жазаларды орындау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін, «педагогика және психология», «әлеуметтік жұмыс» және «құқық қорғау органдары» мамандарын даярлайтын ведомстволық оқу орны болып табылады. Ашық есік күні барысында орта мектеп бітірушілеріне қылмыстық-атқару жүйесіндегі басқару және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Толқынбаев Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары ведомстволық оқу орындарына қабылдау ережелерін, оқу ордасына қабылдау кезіндегі медициналық-психологиялық және дене дайындығы бойынша талапкерлерге қойылатын талаптарды айтып, таныстырды,-деді бізге академияның баспасөз қызметінің маманы Орынбасар Уақбаева.
Оқушылар танысу аясында оқу орнының мұражайына, эстетикалық тәрбиелеу орталығына, асханаға, спорт кешеніне экскурсия жасады. Өздерінің толғандырған сұрақтарын академия оқытушыларына қойды.
Гүлназым Сағитова