Қымбатты қостанайлықтар!

Saduakasov novayaҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні біздің егемен мемлекетіміздің басты мерекесі болып табылады.
Алдағы жылы біз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл тарихи дата қазақ халқының тәуелсіздікке жетуінің ұзақ жолы мен ұмтылысын бейнелейді.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тарихында жаңа кезең басталды.
Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздің басшылығы экономиканы терең жаңғыртуға, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының халықаралық  беделін нығайтуға арналған стратегиялық бағытын таңдап алды.
Қазақстанның экономикалық  дамуында  сондай-ақ  Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық кірігу үдерістері де оң бағыт береді.
Барша қазақстандықтардың Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында алға қойған міндеттерін шешу үшін күш-жігерді біріктіруге ұмтылысы біздің еліміздің одан әрі өркендеуіне ықпал жасайтындығына сенімдімін.
Қазақстанның басты қазынасы – өздерінің еңбектерімен, тарихқа және салт-дәстүрлерге деген жауапты көзқарастарымен туған жердің даңқын шығарып жүрген адамдары.
Бүгінде  шығармашылық,  зияткерлік, спорттық жетістіктерімен, табыстарымен және жеңістерімен, өздерінің ізгі істерімен біздің облысымызды, біздің Қазақстанымызды алға өрлететін қазақстандықтардың жас ұрпағы өсіп келеді.
Әрбір отбасына, әрбір үйге гүлдену, құт-береке, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін.
Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓