Кәләм Байназарұлына 100 жыл


Оған көрнекті тұлғаның Меңдіқара педучилищесінде еңбек еткен жылдардағы шәкірттері мен замандастары, туған-туыстары мен ұстаздың ізін жалғастырып келе жатқан ұстаздар қауымы қатысып, орамды ойлары мен өнегелі сөздерін ортаға салды. Конференция
барысында Меңдіқара ауданының орталығындағы Первомайское ауылының мектебіне Кәләм Байназарұлының есімі берілсе, сондай-ақ тұңғыш рет өткізіліп отырған аталмыш шара тамаша дәстүрге айналса деген ұсыныс-тілектер айтылды.
