Рудный Индустриалдық институтта ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жастар акциясы өтті. Тағылымды іс-шараға барлық факультеттің студенттері белсене қатысты.
Басқосу барысында алдымен жастардың назарына ел егемендігіне қол жеткізілген сәттен бастан бүгінгі жетістіктерімізді баяндайтын шағын бейнеролик көрсетілді. Жиын соңы білім ордасында тәлім алып жатқан өнерлі жастардың концертіне ұласты.