Байқау жариялады
ҚР-ның Тәуелсіздік күні қарсаңында "Нұр Отан" партиясы ҚОФ "Мен-тәуелсіздіктің құрдасымын" тақырыбында бейнеролик байқауын жариялады.
Шығармашылық байқау 2014 жылғы желтоқсанның 9-16 аралығында өтеді. Оған кез келген үміткер қатыса алады. "Нұр Отан" партиясы ҚОФ баспасөз-хатшысы Инеш Әбелдинованың айтуынша, бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс. Дайын роликтерді http://vk.com/kof_nur_otan. әлеуметтік желісіне жариялауға болады. Үздік жұмыс дауыс беру арқылы анықталмақ.