Меморандум мәселені шешеді

Әулиекөл ауданы әкімдігі мен "Диевский" Агрофирмасы" ЖШС 16,450 млн теңгенің меморандумына қол қойды. Бұл туралы аудан әкімдігінің фейсбук желісіндегі парақшасында жазылды.60126527_134470764395638_7762085821858971648_n
Аудан әкімі Асхат Қисықов пен облыстық мәслихат депутаты Олег Даниленко Диев ауылында тұрғындарды қабылдады. Жергілікті жұрт Диев орта мектебінің терезелерін пластик әйнектерге ауыстыру және ІТ-сынып ашып беру өтінішін жасады. Қабылдау шарасы соңында аудан басшысы мен серіктестік директоры арасында келіссөздер жүргізіліп, ауылдықтар бұйымтайын орындау шешімі шығарылды. Екі жақты меморандумға қол қойылды. Соның аясында мектеп тезелері 14,652 млн теңгеге жаңартылады. Сондай-ақ, ІТ-бөлме ашуға 1,8 млн теңге бөлінетін болды. Меморандумның жалпы сомасы – 16,450 млн теңге. 
Қорытындысында А.Қисықов бизнестің ауылдағы әлеуметтік ахуалға ден қойып, мәдениет, білім, жастар саясаты салаларына қолдау білдіруінің қашанда маңызға ие екенін атап өтті. Аудан басшысы ауылдарды аралап, тұрғындарды қабылдауды жалғастырып жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓