Жас толқынға қолдау бар

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысына қатысты.
Отырыста партияның "Жастар – Отанға!" бағдарламасын іске асырудың жол картасын бекіту туралы сөз болды. Талқылау барысында 2025 жылға дейін Жолдаудың негізгі бағыттарына жастарды тарту жөніндегі аймақтық кеңестің жауапты мүшелері бекітілді.
"Жастар – Отанға!" бағдарламасы Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төр-ағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленген. Бағдарлама жастарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және өзін-өздері дамытулары үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓