Психологиялық кеңес берілді
Облыс орталығындағы №4 емханада Нұр Махаббат қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүкті әйелдерге арналған мастер-класс өткізілді. Онда психолог Светлана Кушнир шараға жиналған болашақ аналарға жүктілік кезінде денсаулықты күту мен күйзелістен қалай арылудың жолдарын айтып, тегін психологиялық кеңес берді.