Халықтық циркке 20 жыл

Рудный қаласының Оқушылар және жастар сарайында «Надежда» халықтық циркінің 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
циркАталмыш ұжымның өнерін тамашалауға келген қала тұрғындары цирк 2залға симай кетті. Себебі, әу бастан-ақ халықтың жүрегінен жол тапқан цирктің әрбір нөмірі қызықты да, кәсіби тұрғыдан сапалы орындалады. Республикалық және халықаралық конкурстардың сан мәрте жүлдегері атанған ұжымның бұрынғы түлектері мен қазіргі шәкірттері эквилибр, акробатика, клоунада сияқты жанрларда өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кеште халықтың цирктің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Надежда Воеводенко мен ұлы,  қызы өзінің күрделі нөмірлерімен жұртты тәнтті етті. Жалпы екі сағатқа созылған мереке рудныйлықтарға тамаша көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
 
Қуаныш Есқабыл

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓