Әйелін балағаттағаны үшін…

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 2-бөлігі бойынша азамат П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
5 желтоқсан күні сағат 16.00 шамасында азамат П. Қонай ауылында өз үйінде жанжал шығарып, отбасының берекесін қашырып, жұбайын балағаттаған. Бұл әрекет соңғы бір жылда екінші рет қайталанап отыр. 
Сот отырысы барысында П. өз айыбын мойындап, өкінетіндігін білдірді.
Сот қауылысымен азамат П. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш күнге әкімшілік қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓