Ұлытау төріндегі келелі сұхбат
Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбатында ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің кемел келешегі туралы әңгіме қозғағаны баршамызға аян. Көңілге қуаныш ұялататын, көрікті ойға жетелейтін сұхбатты бар ықыласымызбен оқып шықтық. Онда Елбасы Қа-зақстанның болашағын жарқын деп санайтынын жеткізген еді. Сонымен қатар, Қарулы күштер қай кезде де ел қорғаны болуы керек екенін баса айтты. Келелі сұхбаттан айтылған ойдан үзінді келтірейін. "Біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің еш-қайсысы да бізге жау емес. Бізге сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен, қандай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осы-лай төңірегіміз бейбіт, өзімізге бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын". Шыныменде еліміздің бірлігі ұлтымыздың татулығы.
Күні кеше біздің басқарма қызметкерлері қаладағы №5, №11 орта мектептің оқушыларымен бірге сұхбатты талқылап, оқушылар арасында байқау ұйымдастырды. Оларға тілсіз жаудың алдын алуға арналған естелік жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Асхат БАДЕНОВ,
Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері.