Шебердің қолы – алтын

IMG_7225Қостанай қаласы  балалар шығармашылығы үйінің ұйым-дастыруымен "Әсемдік әлемінде" атты байқау-көрме ұйымдастырды. Осы іс-шараға мектептеріміз-дегі еңбек, бейнелеу пәндерінің мұғалімдері мен қосымша  және техникалық шығармашылық білім беру мекемелерінің педагогтары қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. 
– Көрмеде не жоқ дейсің, бәрі бар.  Зерлеп кесте де қойылған,  бізбен тоқыған тоқымалар да, моншақпен тізіп жасаған бұйымдар да, майлы, акварельдік бояу-лармен салынған небір тақырыптағы суреттер де, дәнді-дақылдармен жасалған заттар да, папе-машелік, техникалық шығармашылық  және ермексаздан илеп жасаған жұмыстар да бар.  Балалар ойыншықтарын түрлі техникамен жасап,  көрмеге ұсынған ұстаздарымыздың жұмыстарын да көрдік. Ұстаздарымыздың қолдарынан бәрі де келеді екен. Біз-дің басты мақсатымыз талапты да талантты педагогтарымызға қолдау көрсету, жағдай жасау, олардың іс-тәжірибелерін тарату, пән мұғалімдерінің мәртебе-сін көтеру. Әр пән мұғалімінің өзіндік ерекшелігі, салмағы бар. Мейлі ол математика, еңбек пәні-нің мұғалімі болсын, бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Бірі есептер, екіншісі әсемдік әлеміне жетелейді. Әрқайсысының оқушы баламызға берер білімі мен тәлі-мі бірдей. Осы тұрғыдағы көрме-байқауды қала мектептеріндегі еңбек, бейнелеу мен қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары арасында бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Біз жұмыстардың авторлық идеясының ұшқырлығына, креативтік жаңашылдығына, техникалық деңгейіне қарай баға бермекпіз, – деді бізге Қостанай қалалық балалар шығармашылығы үйінің ұйымдастырушы педагогы Қымбат Сәукетаева.
Көрме-байқауға барлығы  мұғалімдерден жүз тоғыз өтініш түскен екен. Олар  бес "Сиқырлы бояу", "Ертегі өрмек", "Шабыт", "Балалар әлемі", "Шебер қолдар" номинациялары бойынша сынға түсті. Әр пән мұғалімінің еңбектері сондай керемет, тамаша, кәдуілгі кәсіби өнер  шеберлерінен кем емес-ті. Қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған ұстаздар сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды. Ал, Дина Жүсіпова, Диляра Масягутова, Валерий Белоусов, Лариса Гаан,  Бауыржан Бектасов  сынды ұстаздар  жоғарыдағы номинациялар бойынша  бірінші орынды жеңіп алды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: көрме-байқаудан көрініс.
Суретті  түсірген  Бағдат     АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓