Мәдениет ошағы жаңартылмақ
Әулиекөл. Мәскелеу ауылындағы 450 орындық Бұлақ мәдениет үйінің іргетасы 1973 жылы қаланған. Күрделі жөндеу көрмеген мәдениет ошағына биыл 3 млн. теңгеге жылу жүйелері жаңартылып, кіре беріс есік ауыстырылды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 1 млн. теңгеге аппаратура сатып алынған. Енді 2015 жылы 20 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.