COVID-19: 500-ге таяды

26 қаңтарда Қостанай облысында коронавирус 490 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 242, Рудный қ. – 104, Арқалық қ. – 27, Қостанай ауданы – 26, Лисаков қ. – 24, Алтынсарин ауданында – 14, Әулиекөл және Қарабалық аудандарында – 11, Жангелді және Қамысты ауданында – 8, Қарасу ауданында – 7, Сарыкөл ауданында – 6, Денисов және Ұзынкөл аудандарында – 1 адамнан.
444 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 35 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 11 адам профилактикалық мақсатта тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 440 адамда ауру белгілері болды, 50 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 26 қаңтар аралығында COVID-19-ды 45 594 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 41 905.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 352 144 адам, екінші компонентпен 333 780 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓