Мереке күнгі марапат (фоторепортаж)
– Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деп әйел затына қатысты барлық теңеудібір ауыз сөзге сыйдырған екен. Халқымыз қашаннан қыз баланы қадірлеп, ел аналарына төрден орын берген. Бүгін де сол игі дәстүр үзілмей, қоғамда нәзік жандарға ерекше назар аударылып келеді. Мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстардың ауқымы кең. Осының арқасында елдегі демографиялық жағдай түзеліп, қазіргі таңда халқымыздың саны 20 миллионға жақындады. Бұл ретте біздің өңіріміздің де әйелдерін айрықша атап өтуге болады. Осы жылдар аралығында Мемлекет басшысының жарлығымен облысымызда 6 мыңға жуық көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Бүгін олардың қатары тағы да қырық адаммен толығып отыр, – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.
Облыс әкімінің қолынан марапатталғандар тізімі.
«Алтын алқа» төсбелгісі иегерлері:
Дәуренбекова Айнұр Қонысбайқызы – Амангелді ауданы |
Досбасова Жанар Мекебайқызы – Әулиекөл ауданы |
Левакова Галина Петровна – Әулиекөл ауданы |
Нұрлыбаева Ғалия Сайлаубайқызы – Бейімбет Майлин ауданы |
Сейітова Нұргүл Рамазанқызы – Қостанай ауданы |
Қожахметова Гүлжайна Нұрмұратовна – Рудный қаласы |
Ізекен Айшагүл Униварвекқызы – Әулиекөл ауданы |
«Күміс алқа» төсбелгісі иегерлері:
Баймақышева Қарлығаш Бахытқайырқызы – Қостанай ауданы |
Бойко Дарья Николаевна – Қостанай ауданы |
Будикенова Айя Илютаевна – Қостанай қаласы |
Бутрина Райхана Гельмидановна – Қамысты ауданы |
Ган Марина Эриковна – Федоров ауданы |
Есжанова Эльмира Бағдатқызы – Қостанай қаласы |
Жұмырова Анар Жұмағалиқызы – Қостанай қаласы |
Қыдырбек ҚИЫСХАН
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ