Үйден шықпай-ақ техникалық шарттарды қалай алуға болады?
2022 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газға қосылуға арналған техникалық шарттарды (ТШ) беру процестерін автоматтандырып отыр. Техникалық шарттарды алу дегеніміз – тұрғын үйді газдандырудың алғашқы қадамы.
Енді техникалық шарттарды алуға өтінімді үйден шықпай-ақ www.ktga.kz сайтындағы «Тұтынушының жеке кабинеті» арқылы онлайн беруге болады. «Жеке кабинет» модулін қолдануда видеонұсқаулық көмектеседі (http://www.ktga.kz/video-instruction/). Өтінімді өңдегеннен кейін дайын Техникалық шарттарды SMS түрінде алынған сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Техникалық шарттарды, сонымен қатар, компанияның аймақтардағы өндірістік филиалдарынан да алуға мүмкіндік бар. Ал, Астана қаласында – ХҚКО арқылы алуға болады (қазіргі уақытта қызметтер Астана қаласындағы екі ХҚКО-да: Серкебаев к-сі 13 және Сәтбаев к-сі 25 көрсетіледі).
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ БЕРУ ӨТЕУСІЗ НЕГІЗДЕ (ТЕГІН) ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
«Жеке кабинетте» тұтынушы ТШ алуға сәтті/сәтсіз берілген өтінім туралы хабарлама алудан басқа, газдандыру калькуляторын қолдана алады, есептеу құралын, үй ішіндегі газ жабдығы шартын тексеру мәртебесімен таныса алады, тұтыну, төлемдер мен есептеулер тарихын көре алады.
Тағы бір жаңашылдық енгізіліп отыр. Тұтынушыларды ақпараттандыру және газбен жабдықтау мәселелері жөніндегі өтініштерді жедел қарастыру үшін 5169 нөмірі, сондай-ақ WhatsApp және Telegram – 8-777-121-26-26 мессенджерлері арқылы бірыңғай байланыс орталығы (ББО) жұмыс істейді.