Аққулар ерте ұшып келді

Науырзым қорығының мамандары қысқы ұйқыдан зорман оянғанын айтып жатыр. Бұл – көктем биыл ерте келеді деген сөз. Мамандар былтыр зорманның оянуын 7 наурызда бақыласа, биыл әлдеқайда ерте, 27 ақпанда көрген. Ал Торғай жерінде зорманды екі жеті бұрын байқаған. «Ақпан айының ортасында оянса, боран болады деп болжаймыз. Сол болжам дәл келіп, өткенде боран соққанын бәріңіз білесіздер. Содан кейін көктем тез келеді. Себебі, биыл жылы жақтан бірінші қаз емес, аққу ұшып келген», – дейді Науырзым қорығының мамандары.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Науырзым ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓