Қостанайлық алты оқушы Гонконг университеттерінде оқуға грант иеленді

Дарынды оқушыларға арналған «Білім – инновация» Қостанай лицейі озат оқушыларымен танымал. Соңғы жылдары лицейдің жоғары сынып оқушылары республикалық және халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы атанып жүр. Биыл лицейдің 6 түлегі әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіретін Гонконг университеттерінде тегін оқуға грант иеленіп отыр.
Мақсат Алпамысов (математикадан олимпиада жеңімпазы), Арсений Самойленко (физика) және Мысыр Диас (физика) CityUniversityofHongKong грантын ұтып алды. Нұрлан Базылтай (биология) – Hong Kong University of Science and Technology оқу орнында оқымақ. Тағы екі түлек – Аңсар Сауқынбай (орыс тілі) City University of Hong Kong немесе the Polytechnic University of Hong Kong, ал Асанәлі Бексұлтанов (физика) – City University of Hong Kong немесе Hong Kong University of Science and Technology студенті атана алады.
Оқушылардың бұндай жетістікке қол жеткізуіне лицей педагогтары – физика пәнінің мұғалімдері Қанатов Райымбек пен Серік Мақсат, математика пәнінің мұғалімі Сейдуәлі Дарын, орыс тілі мұғалімі Сарманова Сайран және биология пәнінің мұғалімі Жүнісбеков Нұрдәулеттің сіңірген еңбектері зор екенін айтакеткен жөн.
Университеттерге түсуге лицейдің кәсіби бағдаршысы Райымбек Қанатов үлкен көмек көрсетті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓