Денисов ауданында су, газ, жол мәселелері шешімін тауып келеді
Агроөнеркәсіп – Денисов ауданының экономикалық маңызды салаларының бірі. Аудан өткен жылды жемісті аяқтаған. Айталық, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 42 млрд 617 млн теңгеге жетіп, облыс өндірісінің 4,3% құрап отыр.
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денисов ауданының әкімі Бахыт Нұрғалиев ауданның 2022 жылғы және биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.
– Өткен жылы 3 мың 708 тонна ет, 21 мың 665 тонна сүт, 12 млн 60 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Аудан фермерлеріне мал және дәнді-дақыл шаруашылығының көлемін арттыру үшін мемлекеттен 1 мрлд 332 млн теңдеген астап субсидия төленді, – деді Денисов ауданының әкімі Бахыт Нұрғалиев.
Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері алдағы жылы АӨК саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ.
– Аршалы ауылдық округінде "Ваншейдт Роман Геннадьевич" ШҚ иесі құны 120 млн теңге болатын 80 га көкөніс пен картоп алқабына суару жүйесін орнатпақ. Набережное ауылында "Вега-спектр" ЖШС құны 120 млн теңгелік майлы дақылдарға арналған қойма салып бермек. Ал "Сарыағаш" ЖШС 400 га жерге арналған суару жүйесінің екінші кезегін орнатуды бастайды. Оның құны 610 млн теңге. Аталмыш шаруашылық 2023-2024 жылдары голштейн-фриз тұқымды сиырлардың 200 басын және нетель асыл тұқымды сиырларды сатып алады, – деді аудан әкімі.
Былтыр 226 мың гектар егістіктен 249 мың тонна астық алып, 38 мың гектар алқаптан майлы дақыл жинаған.
Алайда, аудан өнеркәсіп саласынан есе жіберіп алған. 2022 жылы өнеркәсіп өнімі 1 млрд 587 млн теңгеге тең, ол 2021 жылмен салыстырғанда 35% төмен. Олқылықтың орын жою үшін қайта өндеу өнеркәсібінің жаңа нысанының есебінен қиыршық тас өндірісін 200 мың тоннаға және ұн өндіру көлемін 6 мың тоннаға ұлғайтпақ.
– Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өткен жылы 23 жәрмеңке өткіздік. Нәтижесінде 30 млн теңгеден астам қаржыға 35 тонна өнім сатылды. Осы жылға да "Тобыл" ӘҚК" АҚ тұрақтандыру қорына 58 өтінім беріп қойдық. Азық-түлік түріне келсек, жұмыртқа – 22680 дана, макарон өнімдері – шамамен 10 тонна, күнбағыс майы – 2 тонна, күріш – шамамен 2 тонна, қарақұмық жармасы – 2 тоннадан астам, тауық еті – 3 тонна, картоп – бір жарым тонна, қант – 24 тонна, ұн – 88 тонна. Аудан дүкендерімен келісім-шарт жасасып, 12 әлеуметтік сөре ұйымдастырамыз. Бөлшек сауда бағасынан 10% төмен бағамен тауарларды сату бойынша науқан өткіземіз, – деді Бахыт Нұрғалиев.
Алдағы жылдың еншісінде ауқымды жұмыстар кезек күтіп тұр. Ауылдағы басты мәселелердің бірі ауызсу, газ және жол болса, Денисов ауданында ол мәселе шешімін табуда.
– Фрунзе және Красноармейское ауылдарын сумен жабдықтау жұмысы осы жылы аяқталады. Қазіргі таңда жұмыстың 95% орындалды. 2021 жылы Зааятское ауылында жалпы құны 238,5 млн теңгеге газ желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Инвестициялық жоба ретінде Аршалы ауылына құны 676 млн теңге болатын жоғары қысымды газ құбырын салуды көздеп отырмыз, – деді спикер.
Алдағы екі жылға аудандық маңызы бар Зааятское–Жалтыркөл автожолын жөндеуге 885 млн теңге қаржы бөлінген. Осы жылы Денисовка-Зааятское жолының орташа жөндеуін аяқтау үшін 467 млн теңге қаржы қарастырылып отыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ