Рудныйдағы апат: жылу жүйесі қайта іске қосылды
Бүгін, 9 ақпанда Рудныйда жылу магистралінде болған апаттың салдары толығымен жойылып, жүйе қайтадан іске қосылды. Ақауды қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізілгені туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет берді.
Таңғы сағат 6 шамасында "Жылу желілері" ЖШС бригадасы Горняк-Мир көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылған жерге барды. Аталған учаскені қоршауға алып, жылу камерасынан сыртқа атқылап жатқан суды арнайы техникамен соруға кірісті. Мұнымен бір уақытта камераның бетін ашу жұмыстары жүргізілді.

- Сағат 13.00-де құбырдың жарылған жері анықталып, дәнекерлеу жұмыстары басталды.
- Сағат 17.45-те құбырдың жарылған тұсы дәнекерленіп, жүйені қайтадан сумен толтыру жұмыстары басталды.
- Сағат 18.45-те көппәтерлі 24 үйге, 59 жер үйге, 3 әлеуметтік нысанға және 14 бизнес нысанына жылу беру жұмыстары басталды.
Жылудың тұтынушыларға жіберілгендегі температурасы +78 градусқа тең, ал қайта айналғандағы қызуы +57 градус болады. Қазір "ССКӨБ" АҚ ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр, температура режимі бірқалыпты. Сырттағы ауа температурасы -12 градус.