Қостанай қалалық ауруханасына жаңа басшы тағайындалды
Жаңа бас дәрігер ұжымға бүгін, 6 ақпанда таныстырылды. Бұл лауазымға Бекболат Уәлиев тағайындалып отыр. Ол бұған дейін, сегіз жыл бойы Б.Майлин ауданы ауруханасын басқарған.Бекболат Дүкенбайұлы – зор тәжірибесі бар маман. Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Торғай облыстық ауруханасында балалар хирургиясы саласында дәрігер-интерн, балалар хирургі, кейін Жанкелдин аудандық ауруханасында бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістеме жұмыстары жөніндегі орынбасары және бас дәрігер болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, Арқалық қалалық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінде жетекші, Қостанай қалалық балалар ауруханасының балалар хирургі болып жұмыс істеді.