Депутаттар Қостанайды аралады
ҚР Парламент Мәжілісі-нің бір топ депутаттары Ирина Аронова, Мейрам Бегентаев, Ольга Киколенко, Ромин Мадинов, Татьяна Яковлева, Гүлжана Қарақұсова жұмыс барысымен Қостанай өңіріне келді.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ең алдымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында болып, депутаттық фракция мүшелерімен партияның Сайлау-алды платформасының жүзеге асырылуындағы проблемалық мәселелері жөнінде әңгіме қозғады. Содан кейін Мәжіліс депутаттары «АгромашХолдинг» АҚ, «ЕвразКаспианСталь»ЖШС болып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларымен танысты. Ал, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Роман Мадинов облысымыздың ауыл шаруашылығы мамандарымен, Мейрам Бегентаев Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бір-лестігі жұмысшыларымен кездесті.
Гүлназым
САҒИТОВА