Есірткі «қойып кетуші» ұсталды
Қостанай полицейлері есірткі қойып кетуші үш адамды ұстады, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде ірі көлемде 192 гр синтетикалық препарат-мефедрон табылды. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-і бабы бойынша уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды.
-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы қылмыспен айналысқан 23 жастағы күдікті ұсталды. Тінту кезінде одан салмағы 20,08 гр болатын А-PvP есірткі психотроптық заты тәркіленді. Ұсталған адам қамауға алынды", – деді ПД басшысының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

Полиция есірткі таратумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері Қостанай полицейлері заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.