Темекінің зияны шаш етектен
Облыста. Темекі қатерлі ісік, жүрек-қан тамыры, қант диабеті және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары сияқты көптеген сырқаттардың пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Міне, осы зиянды әдеттің алдын алу мақсатында Қостанайдың жас көшбасшылары қоғамдық бірлестігі арнайы жоба аясында өңірдің әр аудан, қалаларын аралап, тұрғындарды зиянды әдеттен аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға кірісті.