«Мен кәсіпкер болсам…»
Тасты жалпы білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Мен кәсіпкер болсам» тақырыбында аудандық байқау өтті. Мақсаты – білім алушылардың кәсіптерін зерделеуге шығармашылық тәсілдерді жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту. Байқауға аудан көлеміндегі мектептерден 13 оқушы қатысып жүлделі орындар иеленді. Бұл шараны өткізу үшін мектепке қаржылай көмектескен ауыл кәсіпкерлеріне Арман Алматов, Бауыржан Әлимсурин, Бауыржан Жанбуршин, Қайрат Сейілханов, Дархан Шахманов, Айгүл Қадыршинова алғысымызды білдіреміз.
Қазіргі таңда жақсы жұмыс табу үшін терең және жан-жақты білім, шет тілдерін білу қажет. Мектеп бізге білімнің негізін алуға көмектеседі. Егер адам бала кезінен еңбек етуге үйренсе, болашақта әлем өзінің сұлулығы мен алуан түрлілігін ашады, көптеген жаңа және қызықты, әдемі, таңқаларлық дүниелерді тануға көмектеседі. Кәсіпкерлікті мектеп жасынан бастап кеткен байқауға қатысушы оқушыларымыз дайындап келген жобаларын өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Төрелігін Аманкелді ауданының білім бөлімінің әдіскерлері Мақпал Кәрімбекқызы, Гулия Бекзатқызы, Нұрлан Максимұлы жасады. Бас жүлдені С.Жұматайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жаннұр Несіпбекова, бірінші орынды Тасты жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Инабат Асылхан иеленді.
Эльмира Қойшыман,
Тасты жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.