Иран олимпиадасынан жүлде алды
Қостанайдағы NIS оқушысы IX Иран олимпиадасында III орынға ие болды.

– Мен Иран олимпиадасына геометрия пәнінен 9-10 сыныптар арасындағы топтар лигасында қатысқан болатынмын. Ол жерде 5 күрделі геометриялық есеп шығардық. Бірінші берілген геометриялық тапсырманы тез шештім, ал қалған тапсырмаларды шешуге қиындыққа соқты себебі оған жақсы дайындықты қажет етті. Олимпиадалық математикамен айналыссам да, геометриядан күрделі есептерді шешуде жоғары деңгейде жұмыс жасау керек. Олимпиадада геометриялық тапсырмаларды орындау үшін жоғары сыныптардың планиметриясын білуді талап етті. Тапсырмалардың шарттары көлемді болды, сондықтан олар өте күрделі болып көрінді. Соған қарамастан, мәселелер қызықты және өте талғампаз шешімдер болды, – дейді Дидар.

Айта кетейік, жеңімпазды ғылыми жетекшісі Станислав Козловский жарысқа дайындап апарды.