Мемлекеттік марапатқа ие болды
Биыл күзде Әуликөл ауданындағы орман өртінен зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңадан үйлер салынып, пайдалануға берілді. Қиын сәтте құрылыс жұмыстарына белсене араласқан компаниялардың басшылары, қарапайым жұмысшылар мемлекеттік наградаларға ие болды. Қостанай облысына арнайы іссапармен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәртебелі марапаттарды иелеріне табыстады.
Сондайақ Тобыл өңірінің құрылысшыларына жақсы бағасын берді.
Мемлекет басшысы қостанайлық құрылысшылардың еңбегін өте жоғары бағалайды. Кәсіби біліктіліктің шебер үлгісін көрсеткен азаматтарға ерекше алғыс айтамын. Олар бар күшжігерін салып, бір жарым айдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтады. Барлық тұрғын үйлер сапалы салынған. Интернет, жарық, газ, жылу, сумен қамтылған. Сондықтан, құрылысшылар берілген тапсырманы лайықты атқарды деп есептеймін,деді министр.
Әулиекөл ауданындағы жаңадан салынған тұрғын үйлер кешені «Бірлік» шағын ауданы деп аталды. Президенттің тапсырмасына сәйкес қысқа мерзім ішінде сапалы да сәнді үйлерді салып берген құрылысшылардың еңбегі еленді. Олар кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығы үшін «Құрмет» орденімен, III дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен, ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен наградталды. Қуаныш иелерінің арасында облысымызға белгілі ірі кәсіпорындар «Строй Элит дом», ЖШС, «СК KBS» ЖШС, «Рудный соколов строй» АҚ, «БКстрой» ЖШС, «Алюминстрой» ЖШС, «АлияСервис» ЖШС, «Парасат Строй Проект» ЖШС, «БКстройпром» ЖШС ұжымының басшылары мен бригадирлері, облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов бар.