Жас палуандар ерледі

Жақында Павлодар қаласында қазақ күресінен 1995-1996 жылы  және 1999-2000 жылы туған жасөспірімдер арасында "Жас барыс" республикалық турнирі  болып өтті. Оған барлығы 352 палуан қа-тысты. Яғни, Астана, Алматы қалаларынан бөлек он төрт облыстың спортшылары боз кілем үстінде белдесті. Осы сындарда 120 келі салмақта қарсылас шыдатпаған Талғат Жиентаев абсолюттік чем-пион атанды. Ал, 90 келіде белдескен Абылайхан Қасымхан жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. 1997-1998 жылғы жасөспірімдер арасында тағы бір қостанайлық Саят Оңайбек те қола жүлдені еншіледі. Жасөспірімдер арасында Жасұлан Бекболат екінші орынды иеленсе, 46 келіде сынға түскен Ерқанат Өтеулі қола жүлдені місе тұтты. Осылайша жерлестеріміз Кереку жерінен қанжығаларын майлап  қайтты. Жастарды жарысқа қостанайлық белгілі бапкер Жұмақан Қасымханов баптап апарды.
Айбек
      КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓