«Қостанай таңы» – өз газетің!

Алдағы аптаның сейсенбісінде «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалында  «Жазылушы күні» шарасы өтеді. Сол күні  ғасырлық тарихы бар біздің басылым өз  оқырмандарын күтеді.
Ашық есік күні газетке жазылғысы келген алғашқы бес оқырман викториналық сұрақтарға қатысып, жарты жылға тегін жазыла алады. Ал қалған он адам «Қостанай таңы» деген жазуы бар тәтті сыйлыққа ие бола алады. «Қостанай таңының» алты айға жазылу бағасы бар болғаны – 3750 теңге.
Рудный қалалық Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Бірманова «Қостанай таңы» газетінің мектеп жасынан бергі оқырманы. Алғашқы еңбек жолын бастаған уақыттан бері ата басылымға үздіксіз жазылып келеді.
«Атам поштада қызмет істеді. Үйге үнемі газет келіп тұратын. Әсіресе, «Қостанай таңы» газетіне үзбей жазылатын еді, бізге де оқытатын. Кейін жұмысқа тұрғанымда, отбасымыз жазылған газеттерге мен де жазыла бастадым. Маңдайалды ұнпарақтардың бірі ғой. Қуана жазыламыз. Облыстық басылымда біздің білім ошағымыз туралы көлемді мақалалар жарық көріп келеді. Жақсы дүниелерді дүйім жұртқа хабар ете тарататын жаңалықтың жаршысы ретінде бағалаймыз. Облыстық деңгейде мақсат-мүддеге жұмыс істейтін халықтың көзі һәм тілі деп білеміз. Жылдан-жылға біздің ұжымда жазылушы саны артып келеді. Қазір мұғалімдерге газет-журналдарға күштеп жазылуға тыйым салынды. Соған қарамастан, жергілікті өңірлік баспасөз ұстаздар тарапынан қолдау тауып тұр. Бұл – мұғалімнің тарихы терең үнпараққа бей-жай қарамайтындығы, ғаламтор дамып жатса да, қолыңа ұстап отырып оқитын газетке ештеңе жетпейтінін дәлелдейді. «Қостанай таңына» шыққан әдеби, тарихи, мәдени құнды дүниелерді іздеп оқимыз. Аптасына үш рет шығатын газетті асыға күтеміз,  – дейді Қымбат Бірманова.
Алдағы күннен тек жақсылық қана күтеміз және патша көңіл оқырманымыз үшін елдегі жақсы, жағымды жаңалықтарды сүйіншілейтін сәттердің көп болатынына үміт артамыз. Сіздердің әрбіріңіздің үйіңізге аптасына үш рет облыстың тыныс-тіршілігін жеткізетін газетіңіз баратын болады.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓