Көп қабатты үйдің құрылысы басталды
Қостанай ауд. «Қол жетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 24-пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мамандардың есебі бойынша, бұл баспана тұрғын үй мәселесін жарым-жартылай шешуі тиіс. Аталмыш бағдарлама Қостанай ауданында 2012 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жаңадан салынып жатқан 24-пәтерлік көп қабатты үй келесі жылдың шілде айында ел игілігіне ұсынылмақ.