Аманкелдіктерден көмек
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге аманкелділіктер де болсын көмек қолын созуда. Кеше түнгі уақытта Аманкелді ауданындағы Сатыбалды ишан мешіті жанындағы "Зекет" қайырымдылық қоры мен аудан жастары, мешіт жамағаттары өрттен зардап шекендерге 5 тонна азық- түлік алып, жолға шықты. "Сынақ түскен сәтте бір-біріне көмек қолын созу әр адамның парызы. Әулиекөлдік халықтың қазіргі таңдағы жағдайы өте ауыр. Соған орай сәлде болсын көмегіміз тисін деп азық-түлік жібердік. Өрттен залал шеккендерге Алла Тағала жар болып, жеңілдік берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", — дейді мешіт имамы Жандарбек Мүбаракұлы.
Б. МИРАМҰЛЫ