Брендтік алкоголь өнімдерін қолдан жасаған

Қостанай облысында күдіктілер брендтік алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп келген.
Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті мәліметінше, ұйымдасқан топ "Hennessy", "Jack Daniels" және "Chivas Regal 18" брендтерін қолдан жасап келген.
Атап айтқанда, олардан заңды маркасы жоқ 430 бөтелке "Hennessy", 12 шөлмек "JackDaniels" және 20 бөтелке "Chivas Regal 18" ішімдік өнімдері тәркіленді. ҚР ҚК 222-бабы (Тауар белгісін, фирмалық атауды заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінеді департамент хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмей отыр.
Жыл басынан бері осыған ұқсас 3 дерек тіркелген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓