Сенім мен қолдау мандаты
Иә, сайлау нәтижесі қандай болатынын болжау қиын емес еді… Оған себеп бар. Халықтың дауыс беруші ретіндегі қалауы және оның сайлау алдындағы себептері, ел азаматтарының осы жыл ішіндегі Қ.К. Тоқаевқа деген сенімінің динамикасы зерттеліп, нәтижесі оның жеңіске жету ықтималдығының аса зор екенін көрсеткен-ді. Бірақ қалай да сайлауды өткізу қажет болды. Өйткені геосаяси ахуал мен экономикалық аласапыран жағдайында жаңа реформа жасауға ұмтылған Мемлекет басшысына қоғамдық сананы қарсы қойып, құйтырқы манипуляция амалдарына барушылардың алдын орау керек еді.
Сайлау өтті… Дауыс беру процесі қорытындысының айқындығы мен тазалығын барлық бақылаушы ғана емес, экзитпол деректері де дәлелдеп берді. Үш ірі зерттеу орталығы: «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу жүргізетін халыларалық институты, «Аманат» партиясының қоғамдық саясат институты, «Социс-А» институты жұмыс істеді. Мыңдаған учаскелерде жұмыс істеген тәуелсіз командалар мәліметінше, сайлауға халықтың 68,7%-і қатысып, 82%-і Қ.Тоқаевқа дауыс берген. Бұл деректердің ОСК алдын ала қорытындыларымен салыстырмасы (69,44% – келушілер және 81,31% – Қ.К. Тоқаевқа дауыс берушілер үлесі) оның экзитпол қорытындысымен айырмашылығының өте аз екенін көрсететі – 1%-дан кем. Ал бұл статистикалық елеусіз кемшілік саналады және сайлау процесі деректерінің валидтілігі мен сенімділігін айғақтайды.
Экзитпол өкілдері дәл сайлау науқаны үстінде күні бойы азаматтардың белсенділігіне ғана емес, келушілердің жас айырмашылығын, этностық ерекшеліктеріне сараптама жасап отырды. Ал бұл саяси науқанға халықтың барлық деңгейі бір кісідей атсалысқанын білдіреді.
Таңдау жасалды… Миллиондаған отандас өз дауыстары арқылы Президент пен халық арасындағы келісімді бекітті. Жалпақ жұрт Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру жолында «сенім мен қолдау мандатын» ұсынды.
«Президент – халық белгілі бір уақытқа келісім-шартқа отыратын жалға алынған менеджер. Азаматтардың ерікті қалау-тілегінің арқасында жоғары мемлекеттік лауазымға келген адам миллиондаған отандасының дауысымен бекітілген келісім-шартқа отырады деуге болады», – деген еді Қ.Тоқаевтың өзі Алматыдағы жиында. Бірақ халықта «Майданда жалғыз жауынгер болмайсың» деген даналық сөз бар. Сондықтан әрқайсымыз жеке жауапкершілігімізді сезініп, Жаңа Қазақстаннның негізін қалауға үлесімізді қосып, ел еңсесін көтеруге күш салатын Президентімізге азаматтық демеуізді білдіруіміз қажет.
Анжелика Ткаченко,
Эмпирикалық әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі