26 жастағы жігіт жоғалып кетті
Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғынына іздеу жарияланды.1996 жылғы Владимир Борисов Б.Майлин ауданының Әйет ауылынан 16 қарашада Toyota Corolla маркалы көлігімен шығып кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз қалған. Оның көлігі Тобыл станциясынан 10 шақырым жерден табылды. Ал өзінің қайда кеткені беймәлім.
«Полицияға оның анасы көмек сұрап жүгінді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір Б.Майлин ауданы мен Рудный қаласының және іргелес елді мекендердің аумағында іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жоғалған жігітті іздеуге арнайы топтар құрылып, еріктілер тартылған. Қандай да бір ақпараты бар адамдардан 102 нөміріне хабарласу сұралады.