Бір кісідей дауыс беруде

Федоров ауданында 37 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңертеңнен бері сайлау учаскелерінің іші мерекедегідей көңіл-күйге енген. Бірінші рет дауыс берушілердің барлығына, мерейтой иелеріне естелік сыйлықтар берілді.Ауданда барлығы 16000-нан астам сайлаушы бар, таңертеңнен бастап тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсету үшін белсенділік танытуда. Олар өздері таңдаған үміткерге дауыс беріп жатыр. Барлық сайлау учаскелерінде ЕҚЫҰ ұйымы, қоғамдық бірлестіктер де, кандидаттардың сайлауалды штабтары да бақылау ұйымдастырды.– Ауданда «Партиялық емес бақылау орталығы» қоғамдық бірлестігінен барлығы 74 бақылаушы жұмыс істейді. Сайлау ашық өтіп жатыр.  Халық өте  белсенді.  сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар анықталған жоқ-дейді   партиялық емес бақылау орталығының өкілі Елена Запорожану. Сайлау учаскелері өз жұмысын сағат 20.00-ге дейін жалғастырады.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓