Тоқаевты қолдау штабы құрылды
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанайдағы қолдаушылары республикалық қоғамдық сайлауалды штабының онлайн тұсаукесеріне қатысты. Одан соң облыстық қоғамдық сайлауалды штабының тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ сайлауалды науқанды өткізу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылар 51 сенімді адамнан тұратын облыстың қоғамдық штабы құрылды. Оған «Мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» РҚБ, Халықтық-демократиялық партия, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы өкілдері және т. б. кірді.

– «AMANAT», «Ақжол» және ХДП сынды үш саяси партия бір кандидатты ұсынып отырғанын білесіздер. Алдағы үгіт-насихат науқанында қоғамдық ұйымдар да бізбен бірігіп жұмыс істеуге ниетті. Уақыт аз қалды, атқаратын шаруа шаш етектен, – деді Серік Бектұрғанов.
