Ақтөбеліктермен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлаушылармен кездесу үшін Ақтөбеге келді. Онда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының қызметкерлерімен кездесті.
Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды тұғырнамасының мақсат-мүдделерімен таныстырды. Тиісінше ұсынылған барлық реформалар республиканың әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталғанын жеткізді. Кездесу барысында, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы, жалақының ашық және айқын есебі жайлы тақырыптар қозғалды.
Кандидат сөз барысында Германия елін мысал етіп, ол жақта ең төменгі жалақыны мемлекет емес, жұмыс берушілер қауымдастығы мен кәсіподақтар анықтайтынын айтты.
«Германияда екі негізгі құжат бар-тарифтік келісім және жеке еңбек шарты. Бірінші құжатта еңбек жағдайлары мен ең төменгі табыс мөлшері көрсетілген. Бұл келісім мемлекеттік органдарға бекітуге жіберіледі. Елдегі экономикалық жағдайға байланысты екі құжат, жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жағына қарай қайта қаралады. Яғни, бұл әлеуметтік әріптестіктің жақсы үлгісі, онда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өзара келісіп, мемлекетпен тең дәрежеде маңызды экономикалық шешімдер қабылдайды», – деп атап өтті кандидат.
Зауыт қызметкерлері тұрғын үй, білім беру, медицина, қорғаныс, банк жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты көптеген сұрақтар қойды.
Кездесу қорытындысы бойынша ол зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасына қызығушылық танытып, қойған сұрақтары үшін алғысын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓