Бастысы – болашақ қамы

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден “Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар” әзірлеуді ұсынды. Жезқазған қаласында өткен арнайы дөңгелек үстел барысында Қарақат Әбденнің бұл ұсынысын жиынға қатысқан сайлаушылар, психолог мамандар мен ювеналды полиция органдарының ардагерлері, аналар кеңесі мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдады.
Дөңгелек үстел барысында өзекті тақырып бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді. 2018-2022 жылдар аралығында 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, 21 мыңнан астам қазақстандық өзіне қол салуға әрекет еткен. Белгілі болғандай, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша алғашқы 20 елдің қатарында болса, балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша еліміз әлемде алғашқы үштікке кіреді.
«Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Мұндай қайғылы көрсеткіштер бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан бүгінгі жиында «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсындым. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған сұрақ тыңдалуы тиіс», – деп жеткізді Қ.Әбден.
Үміткердің айтуынша, балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік сұрақтар мен ұлттық, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі себеп.
Айта кетер жәйт, осы уақытқа дейін үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓