Моти дәмін татқыңыз келсе…
Қостанайда жапон десертін жасайтын тұңғыш мейрамхана ашылды. Онда «моти» деп аталатын тағам дайындайды.

«Досым екеуміз ертеректе кафеде жұмыс істеген едік. Қостанайда ісімізді бастап, кейін Астанаға көшіп, осы салада дами түстік. Досым аспаз, ал мен даяшы болдым. Бертінде елордамыз бен Алматы қалаларында жапондық моти десерттері өте танымал екенін байқадық. Туған жеріміз оралып, кәсіп аштық. Алдымен тапсырысты жеткізу жұмысымен айналыстық. Сауда жүргізетін орнымыз бен жұрт келіп дәмін тататын мейрамхана да болмады. Десерттің танымалдылығы арта бастаған соң, Қостанайда мейрамхана ашуды жөн көрдік», – дейді Иван Петинов.

«Бұл өнімнің ерекшелігі – желімделген күріш пен ұннан жасалған, кілегейлі ірімшік пен басқа да әртүрлі қоспасы бар. Әр өнім аз каллориялы, дұрыс тамақтануға сәйкес келеді. Сондай-ақ, бұл десерттің басқа тәттілермен салыстыруға келмейтін өзіндік дәмі бар», – деді Иван.
Дильназ Изделюева
3-курс студенті