Ахаңның жаңа мүсіні салынды
Шебер өз шедеврінде ұлт ұстазының түр-тұлғасын да, киімін де дәлме-дәл келтірген, деп хабарлайды Экспресс К.
Мүсіншінің өз қолынан шыққан дүниені таныстырған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ол — бір қолында таяғы, ал екінші қолында кітап ұстаған Ахмет Байтұрсынұлының мүсіні. Қолөнерші оны айналдырып көрсетеді. Мүсін ұлт ұстазы болған Байтұрсынұлының шынайы бейнесіне қатты ұқсайды.
Мүсіншінің мұндай шеберлігі көпшілікті тәнті қылмай қоймады.
"Мемлекеттік тапсырыстарды осы мүсіншіге беру керек. Керемет өнер", "Ахмет Байтұырсынұлының түр-тұлғасын айнытпай ұқсатқан мүсінді бірінші рет көруім"
— деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Мүсіннің авторы Азамат Талапхан есімді жігіт екені жазылған. Бірақ оның бұл туындысының қай жерге ескерткіш ретінде орналастырылатыны әзірге белгісіз.