Талаптың мініп тұлпарын…
Бүгін Қостанай қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балалар жылына орай "Жас тұлпар" облыстық оқушылар айтысы өтті. Жас талапкерлер Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында сайысқа түсті. Өлең додасына облыстың әр өңірінен 10 жас ақын келген. «Жас тұлпар» оқушылар айтысы осымен 30-шы рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жоба балдырған ақындардың талабын ұштап, шабытын шыңдайтын, өлең өлкесіне қанат қақтыратын үлкен мектепке айналған. Осы уақытқа дейін Тобыл-Торғайдың талай тастүлегі осы ортадан түлеп ұшты. Бірі республикаға танымал айтыскер атанса, бірі әнші-жыршылық бағытты ұстанып, сахна саңлағына айналды. Енді біреулері – өнермен ауызданып, өмірде өз жолын тауып, түрлі салада биік белестерді бағындырған тұлғалар. Олар бүгінгі ізбасарларына үлгі-өнеге болып отыр. Осы жолғы айтыстың бас қазысы, ардагер айтыскер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлпия Орманшина да алғы сөзінде «Жас тұлпардың» тереңге тамыр тартқанын тілге тиек етіп, үміткерлерге ақ тілегін айтты.
«Жас тұлпар» айтысы Торғай облысында басталған еді. Бірінші рет Науырзым ауданында өтті. Содан бері осы айтыстың керуен-сапары әлі тоқтамай келеді. Жоба аясында қаншама дарынның жолы ашылды. Көбі шәкіртіме айналды. Сендер де менен тәлім аламын десеңдер, еш қарсылығын жоқ, есігім әрдайым ашық. Үйде отырып-ақ айтысқа дайындай беремін. Айбек Қалиев, Мамай Ізтілеулер алғашқы шәкірттерім болды. С.Өтелбаева, М.Оспанов, Е.Әуезхандарға да тәлім бердім. Бәрің бірдей айтыскер болып кетпессіңдер, бірақ үлкен жүректі өнер адамына айналатындарыңа үмітпен қараймын. Жортқанда жолдарың болсын», – деді осы жобаның «анасына» айналған ақын.Әлпия Карбозқызы бастаған қазылар алқасының құрамында , "Жас тұлпар" айтысының үш дүркін жеңімпазы, дәстүрлі әнші, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан және филология ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ профессоры Қарлығаш Нұрмұхаметова болды. Сонымен, жыр-жарыста бес жұп ақын өнер көрсетті. Олар –Бауыржан Тұрсынбек (Б.Майлин ауданы), Шұғыла Аманбек (Қостанай қаласы), Жамбыл Тоққожаев (Рудный), Қуанышбек Бекасыл (Қарабалық), Ақжүніс Жүрсін (Меңдіқара ауданы), Дінасыл Бақытбек (Қостанай қаласы), Жанерке Сейсенбай (Жітіқара), Нұрайлым Қуантай (Б.Майлин ауданы), Ғанимат Нағашыбай (Қостанай ауданы) және Саят Әуезхан (Амангелді ауданы).Балғын ақындар қарсыласынан озып шығу үшін бар күшін салды. Ойларын өрнектеп, сөздерін кестелеп жеткізуге тырысты. Дегенмен қатысушылардың деңгейі әртүрлі. Бірі ұшқырлығы мен тапқырлығын танытып, қарсыласына қамшы басып отырса, кейбір үміткер қобалжығаннан толысып қалып жатты. Ол да түсінікті – көбі үлкен сахнаға енді ғана шығып отыр. Әйтсе де көрерменнің көңіліне жаққан көптеген жолдар есімізде қалды. Мәселен, амангелділік Саят Әуезхан осы жоба туралы:

"Жас тұлпар" айтысы, өзің деп білемін
Құлынынан таныған Құлагерді", – деп сөз түйді.
Оның тағы бір жерде әдемі ұйқастармен өрім жасай келіп:
"Осындайда жарқ етіп көрінбесе,
Қында жатқан құны жоқ ақ алмастың", – деп өз-өзін жігерлендіріп қойды.
Ал додаға Қостанай қаласынан қосылған Дінасыл:
"Жас тұлпар" деген айтыс аламаны –
Әкемнің тай күнінде шапқан жері", – деп әкесі әрі ұстазы Марғұлан Оспановтың осы айтыстан қадам алғанын меңзеп өтті. Ол ұрымтал тұстарда қарсыластарын әзілмен тұқыртудың да ретін таба білді. Жамбыл, Ғанимат, Ақжүністер де қарсыластарынан бәсі басым екенін дәлелдей алды. Әр жұптың айтысын мұқият бақылап отырған қазылар алқасы соңғы айналымға 6 ақынды өткізіп, бірден жұптап берді. Олар – амангелділік Саят пен қостанайлық Дінасыл, рудныйлық Жамбыл мен Б.Майлин ауданынан келген Нұрайлым, сондай-ақ меңдіқаралық Ақжүніс пен Қостанай ауданының қатысушысы Ғанимат. Бұл кезеңде де жас ақындардың қабілет-қарымы анық аңғарылды. Үміт артылған кейбір талапкер олқы өнер көрсетіп қалып, керісінше, көтермелеумен өткен оқушылардың «екінші тынысы" ашылғандай болды.Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Дінасыл Бақытбекке бұйырды. 1-орын – Жамбыл Тоққожаевтың еншісінде. 2-орынға Ақжүніс Жүрсін ие болды. 3-орынға Нұрайлым Қуантай лайық деп танылды. Қалған қатысушыларға да диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Марапаттау рәсімі кезінде сахна төріне көтерілген облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларға құттықтау лебізін жеткізді.«Жас өрендерге, тәлімгерлерге үлкен алғысымызды айтамыз. «Жас тұлпардың» шабысы үдей берсін. Өзіміз де осы айтысқа қатысқанбыз.30 жылдық тарихы бар үлкен доданы одан әрі өркендету юәрімізге ортақ міндет. Өз облысымызда шектеліп қалмай, республикада өтетін ақындар айтысына дайындалу керек. Оған мүмкіндіктер барын осы балалардың ұстаздарына ескертеміз», – деді Ерлан Болатұлы. Басқарма басшысы республикалық айтыстарға оқушыларды қатыстыруға, қолдауға, жол шығындарын өтеп беруге қай кезде де дайын екенін айтты.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков