Ізгі іске жұмылды
Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағы ардагерлері Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге ас берді.

Оған одақтың төрағасы Е.Базарбаев бастаған барлық мүшесі келіп қатысты. Атап айтқанда, игі шараға үлестерін қосуға Алматы, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Астана, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Көкшетау қалаларынан және Жетісу, Абай облыстарынан ардагерлер жиналды.



Елдің түкпір-түкпірінен келген одақ мүшелері өрттен жапа шеккен 15 адамға материалдық көмек көрсетіп, ауыл мешітінде ұзын саны 250 адамға ас берді.
«Елдің барлық аймағынан жиналып, осы іс-шараны ұйымдастырғандағы мақсатымыз – бейнетке душар болған отандастарымыздың ескерусіз қалмағанын, қиындығын көтерісетін көпшіліктің бар екенін сезіндіре түсу. Қолдан келген жәрдемімізді берейік деп, қолдан келгенше қаржы жинап, ас ұйымдастырдық», – дейді Батырхан Амандосов.
