Өз өмірің – өз қолыңда
Қостанай ауд. “Мархабат” қоғамдық қоры Затобол кентіндегі “Астана” спорт кешенінде “Ұзақ өмір сүру өз қолыңда!” деген ұранмен арнайы акция өткізді. Мақсат – тұрғындарды өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге шақыру. Шара барысында аудандық аурухананың мамандары жиналғандардың қан қсымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтап, тегін медициналық кеңес берді.