«Байтұрсынов» емес, «Байтұрсынұлы»!

Қуанышты жаңалық! Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойын әзірлеу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Қостанай өңірлік университеті ұжының және Директорлар кеңесінің шешімімен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атауы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ деп өзгертіледі. Сүйінші хабарды университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Сейітбек Қуанышбаев Facebook әлеуметтік желісінде жазды.
«Қазір құжаттар рәсімделу үстінде. Бұл – ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы аясында жасалып жатқан игі істердің бірі. Тарихтың жаңа белесіне өттік, баршаңызды құттықтаймын!», – делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓