Мәулен Әшімбаев: “Мемлекеттік органдар ресейліктердің келіп жатқанын біліп отыр”

Бүгін Сенат спикері Қазақстан шекарасында болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс КОның айтуынша, тиісті мемлекеттік органдар жағдайды бақылап отыр.
Біз Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақтамыз, сондықтан белгілі келісім-шарттар бар. Оларға сәйкес Ресей азаматтары Қазақстанға келемін десе, шектеу қоюға құқығымыз жоқ,

— деді Мәулен Әшімбаев.

Осы тұста Сенат спикері Қазақстанда тұруға ниет етіп, ықтярхат алғысы келетін шетелдіктерге қатысты да айтты.
Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келетін шетелдік өз елінен келісім алып келуі керек. Яғни оның қолында "шетелге шығуға рұқсат" деген құжаты болуы тиіс. Сондықтан қазіргі жағдайды у-шу қылмай, сабырмен қарсы алу керек,

— деп сендірді Сенат төрағасы.

Ол осы ретте мемлекеттік органдардың бәрін бақылап, біліп отырғанын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓