Эпидемияға қарсы іс-шаралар үшін 2,1 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық жиын барысында мәлімдеді. Қаражат эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге, өкпені жасанды желдету аппараттарын, дезинфекциялау және қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалады.
сайтка
            Кеңес барысында ағымдағы жағдай және өңірде коронавирус жұқпасының алдын алу, оның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан ісшаралар барысы талқыланды. Бүгінде облыста коронавирустық инфекциямен ауырғандар тіркелген жоқ, тек аталмыш инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген және байланыста болған адамдарды оқшаулау жұмыстары қатаң жүргізілуде. Сонымен қатар, өңірдегі барлық өткізу пункттерінде де күшейтілген бақылау шаралары енгізілді.
сайтка4
-Медициналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін қосымша 2,1 млрд теңге бөлінді. Мәселен, маскалар, дезинфекциялық құралдар мен жабдықтар сатып алынады, өңірге өкпені жасанды желдетудің 41 аппараты жеткізіледі. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде де бар. Десе де, ауру кезінде, әсіресе созылмалы сырқаттары бар егде адамдар үшін бұл аппараттар ауадай қажет. Сондықтан біз қосымша сатып алудамыз, 11-і жақын арада келеді және қалған 30-ы 15-20 сәуірге дейін жеткізіледі. Сондай-ақ, тәулік бойы жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін 241 млн теңге бөліп отырмыз, – деді А.Мұхамбетов.
сайтка2
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник те бүгінгі күні Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының тіркелмегендігін және індеттің алдын алу, оның таралуына жол бермеу мақсатында өңірде барлық қажетті іс-шаралардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
-Бүгінде облыста 695 төсектік орын жабдықталды. Үкіметтен қосымша қаражат та бөлінді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге нақты жасалған шарттардың сомасы 21,5 млн  теңгені құрап отыр. Сатып алынған дәрілік заттар мен бұйымдардың тізіміне: вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер, маскалар, қолғаптар, тасымалдауға арналған капсулалар, қорғаныш комтюмдері кіреді, – дейді В.Дудник.
сайтка3
Ал, Қостанай облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов өңірде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы баяндады. Айтуынша, мемлекеттік шекараның барлық өткізу бекеттерінде күшейтілген санитарлық-өткізу бақылауы енгізілді. Бүгінде департамент мамандары Президенттің Жарлығын орындау мақсатында әлеуметтік тұрмыстық мақсаттағы 1064 негізгі нысанды бақылауға алып, мониторинг ұйымдастырды. Іс-шаралардың аясында аумағы 2000 шаршы метрден асатын өнеркәсіптік тауарларды сататын 33 ірі сауда орталықтарында шектеулер енгізілді (18 сағатқа дейін жұмыс істеу, дезинфекция режимін күшейту). 105 нысанның, оның ішінде 21 сауда орталығы, 23 ойын-сауық орталығы, 10 кинотеатр, 15 фитнес-орталық, 4 түнгі клуб және 32 басқа да қоғамдық мекемелердің қызметі тоқтатылды. 38 киім-кешек базарының жұмыс тәртібі сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін шектетіліп, залалсыздандыру шаралары да күшейтілді. Мұндай шектеулер 50-ден кем емес орны бар 246 кафе мен мейрамханаларға да енгізілді, яғни олар сағат  22.00 дейін ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар, мектептен тыс қосымша білім берудің 97 нысаны жабылды (клубтар, студиялар, шығармашылық және т.б.). 100-ден астам нысанға, оның ішінде 21 ХҚКО-ға , 35 банкіге, 44 діни бірлестікке дезинфекциялық режимді күшейту туралы хабарлама жіберілген.
сайтка5
Жиын барысында Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов кейбір кәсіпкерлердің енгізілген шектеулерге толық жауапкершілікпен қарамайтындығын жеткізді. Мәселен, облыс орталығындағы кейбір супермаркеттердің барлық қызметкерлері маскалармен және бір рет қолданылатын қолғаптармен қамтамасыз етілмеген, наубайхана мен кондитерлік өнімдер жеке орамасыз сатылады.
сайтка1сайтка6
Жиын соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бизнес өкілдеріне Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтарының денсаулығы үшін енгізілген шектеулер мен ұсыныстарды ұстануды ұсынды. Сондай-ақ, өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына және қалалар мен аудандар әкімдеріне тұрақты түрде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізуді қадап тапсырды.
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓