Алтыннан алқа тақты

IMG_1583Нова Гамбург қаласында (Бразилия) өткен "Мосстратег" ғылыми жобаларының  халықаралық олимпиадасына еліміздің  оқушы құрама командасы да қатысқан еді.  Олардың қатарында болған   қазақ-түрік лицейінің  екі 11 сынып оқушысы Тимур Ахметжанов пен Нұрлан Маратов "Мосстратег"  ғылыми жобалар  халықаралық олимпиадасының жүлдегері атанды. Тимур Ахметжанов "DIFFERENTIAL PROPERTIES OF FUNCTIONS" ғылыми жобасын жазып алтыннан алқа тақса, ал, Нұрлан Маратов жазған "ABOUT MERCEDES BENZ-FRAME" жобасы  күміс медальға лайық деп танылды.
– Осы ғылыми жобаларының  халықаралық олимпиадасына елімізден қырық  оқушы барды. Әрине,  сайыс тапсырмалары оңай болған жоқ. Жобаңды ағылшын тілінде қорғауың керек. Сол секілді  екеуміздің де ғылыми жобаларымыз келешектегі таңдап алған мамандығымызға да байланысты. Ғылыми жобада математика, физика, тарих секілді пәндер кіріктірілген еді,– деді бізге күміс медальға ие болған Нұрлан Маратов.
– Әрине, осындай халықаралық үлкен олимпиадаларға қа-тысқан соң, басқа мемлекеттерден келген оқушылардың жобасымен танысасың, олардан да өзіңе қажеттісін үйренесің, жобаларының ерекшеліктеріне мән бересің, тәжірибе алмасу деп те айтуыңа болады. Қазақстан құрамасының қатарындағы оқушылар Алматы, Астана, Атырау, Өскемен секілді қалалардан. Біздің еліміздің командасы бес алтын, төрт күміс, алты қола медаль жеңіп алды. Олимпиададан басқа мәдени шаралар да ұйымдастырылды. Соның ішінде айта кетерлігі, елімізді оқушылары футболдан  өткен жарыста  барлық командаларды жеңіп, бірінші орынға ие болдық, – деді алтын медаль иегері  Тимур Ахметжанов.
– Екі баланың да осындай жетістіктерге жетіп отырғанына өте қуаныштымын. Балаларымыз келешекте осы ілімдерін әрі қарай жетілдіре отырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне, экономикасына  үлес қосады деп ойлаймын, – деді Нұрланның атасы Марат Қасымов.
Ғылыми жобалардың халық-аралық олимпиадасына  әр мемлекет оқушыларынан келіп түскен төрт жүз сексен сегіз  жобаның ішінен суырылып шығу да оңай емес-ті. Сондықтан  оқушыларымызға қашанда жеңіс тұғырынан көріне берсін деген игі тілек тілейік.
Гүлназым
     САҒИТОВА
Суретте: жеңімпаздар және Марат Қасымов.
Суретті түсірген
Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓